Израильде синагогада орналасқан трибуна опырылып кетті

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Израильдің Гиват-Зеэв қалашығында орналасқан синагогада трибуна опырылып, дұға оқып тұрған алпысқа жуық адам құлап, жарақат алды, деп хабарлайды "Экспресс К" Stan.kz сілтеме жасап.

Оқиға салдарынан 130 адам зардап шегіп, екеуі көз жұмған. Трибуна иудейлердің Шавуот мейрамын тойлау кезінде құлаған.

Қазіргі таңда 60 адам ауруханаға түскен, олардың 10-ы ауыр жағдайда. Синагогадан 130-дан астам адам эвакуцияланған.

Қазіргі таңда полиция салтанатты жиында талаптардың сақталуын тексеруде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров