Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні

Express Qazaqstan

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қасым-Жомарт Кемелұлы 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Анасы – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.

Ол 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірді. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады. Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастап, Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданған. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралады.

1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалады. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болды. 1994 жылы еліміздің Сыртқы істер министрі болып тағайындалады.

2007 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы болып сайланды. 2008 жылы Қазақстан Парламентінің жоғары палатасының спикері ретінде ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды. 2

019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті ретінде ант қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық қатынастар мәселелеріне арналған 10 кітаптың авторы.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров