Шетелдік дипломаттар ЛГБТ-ны қызғыштай қорғап жатыр

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің ғимаратына тағы да ЛГБТ жалауы ілінді. Бұл туралы "Экспресс К" осы елшіліктің сайтына сілтеме жасап хабарлап отыр.

Аталған сайтта еліміздегі бірқатар дипломатиялық өкілдіктердің Гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы күрестің халықаралық күніне орай бірлескен мәлімдемесі жарияланды. Онда дипломаттар еліміздің үкіметін барлық қазақстандықтардың, сексуалдық бағытына, гендерлік жағдайына, өзін қалай көрсетуі мен жыныстық сипатына қарамастан, құқығын қолдап, қорғауға шақырған.

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Мәлімдемеде айтылғанындай, Гомофобия, бифобия және трансфобияға қарсы күрес халықаралық күнінің аталып келе жатқанына бүгін 30 жыл болады екен. Әрине, аты айтып тұрғандай, бұл күн әлгі ЛГБТ өкілдерін барынша қолдауға бағытталған.

Сондай-ақ, дипломаттар гей және тағы басқа сол сияқтылардың біздің елде кемсітуге ұшырап жатқанына алаңдаушылық білдіріпті.

"Қазақстанда ЛГБТИ қауымдастығының мүшелері әлі күнге дейін кемсітіліп, жапа шегіп, зорлық көріп жүргеніне алаңдаушылықпен қараймыз. Заңнаманы жетілдіріп, оны барлық деңгейлерде жүзеге асыру, кемсітушіліктің кез-келген түрінен тиісті қорғауды қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды қабылдауға шақырамыз", — делінген мәлімдемеде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров