Қазақстанның жеті өңірінде COVID-19 таралуының жоғарғы қаупі сақталуда

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

17 мамырдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша"қызыл" аймақта (жоғары қауіп) Қазақстанның жеті өңірі қалып отыр, деп хабарлады дүйсенбіде Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта — Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.

"Сары" аймақта (орташа қауіпті): Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары.

"Жасыл" аймақта (неғұрлым қауіпсіз): Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қазақстанда 17 өңір бар: 14 облыс және Республикалық маңызы бар үш қала — Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент.

Жалпы, елде пандемия басталғаннан бері COVID- 19-дың 360 мың 193 жағдайы расталды және 2020 жылдың тамыз айының басынан бастап коронавирустың клиникалық көріністері бар, бірақ ПТР нәтижесі теріс пневмонияның 54 мың 152 жағдайы тіркелді. Ресми мәліметтерге сәйкес, жоғарыда аталған аурулардан 4 мың 933 адам қайтыс болды.

Қазақстан халқы 18,9 млн адамнан асады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров