Мексикалық бойжеткен "Ғалам аруы" атанды

Экспресс К

obozrevatel.com

Мексикалық 26 жастағы Андреа Меза (Andrea Meza) "Ғалам аруы" атағын жеңіп алды, деп хабарлайды "Экспресс К"

Жеңімпаз тәжін "Ғалам аруы 2019" ОАР аруы Зозибини Тунци табыстады. Үздік бестікке Бразилия, Үндістан, Доминикан республикасы және Перу өкілдері кірді.

Андреа Меза Мексика атынан "Ғалам аруы" атанған үшінші қыз. Бұған дейін мексикалықтар 1991 және 2010 жылдары жеңіске жеткен.

"Ғалам аруы" байқауы биыл Флорида штатындағы Голливуд қаласында сақтық шараларын сақтай отырып ұйымдастырылды.

Финалды дайындау үшін қауіпсіздік шараларын жоспарлау және әзірлеу үшін бірнеше ай кеткен. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар COVID-19 таралмауы үшін келе салып міндетті карантинге жатқызылған, бірнеше рет тест тапсырып, маска қолданып, әлеуметтік қашықтық сақтап жүрді.

Қазақстан атынан 19 жастағы қызылордалық студент Камилла Серікбай өнер көрсеткенін жазғанбыз. Бірақ ол финалға өте алмады. Камилла Сүлейман Демирел университетінің заң факультетінде бірінші курста оқиды.

Былтыр пандемияға байланысты "Ғалам аруы" байқауы кейінге қалдырылығанын айта кетейік. Биыл ол Американың Холливуд қаласында офлайн форматта өтті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров