12 жастағы бала тау арасында қысылып қалды

Express Qazaqstan

ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында жападан-жалғыз тау ішінде ойнап жүріп, оқыс жағдайға тап болған жас өренді құтқарушылар жартас арасынан арқанмен тартып шығарды, деп жазады «Экспресс К»

Оқиға Глубокое кентіндегі Алтынсарин көшесі маңында болған. Жолға таяу тұстағы жартастардың арасына қыстырылып қалған бала ол жерде жалғыз ойнапты. Жасөспірім алғашында жақпар тас арасынан шығу үшін икемге келіп талпынып көрген. Күші таусылып, өздігінен шыға алмайтынын түсінген соң өткен жұрттан көмек сұрапты. Жартас жақтан шыңғыра шыққан бала айқайын естіген куәгерлер бірден оқиға орынына құтқарушыларды шақырған. Төтеншеліктер құтқару арқанының көмегімен қыстырылып қалған адамды "қамаудан" алып шықты. Бала жарақат алған жоқ.

ТЖД
ТЖД

Осы орайда ШҚО ТЖД ата-аналарға мынаны ескертеді: Ешбір жағдайда балаларды жалғыз қалдырмаңыз.Оларға көшеде және табиғатта болатын қауіп туралы түсіндіріңіз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров