Айтбаеваның ісі бойынша Грузияға арнайы тергеу тобы барады

Express Qazaqstan

Әсел Айтпаева / Айтбаевтар отбасынан алынған фото

ҚР ІІМ марқұм Әсел Айтбаеваның ісі бойынша Грузияға арнайы тергеу тобын жөнелтпек. Олардың міндеті қылмыстық оқиғаның мән-жайы анықтау сонымен қатар Грузия тарапымен сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша ақпарат алмасу, деп хабарлайды «Экспресс К»

Бұл туралы ведомствоның апталық брифингі кезінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек жерлесіміз 26 жастағы Әсел Айтбаева 5 мамырда Грузияда белгісіз жағдайда қайтыс болған болатын. Грузия Бас прокуратурасы өз елінің бір азаматына қазақстандық әйелді зорлау және өзін-өзі өлтіруге итермеледі деген айып таққан болатын.

Осы қылмыстық іске қатысты тағы бір тың мәлімет, жақында Нұр-Сұлтанда Айтбаевтарға алыс туыс болып келетін бір азама күдікте ретінде ұсталды. Оған Қазақстан полициясы "Адам саудасымен айналысты" деген күдікпен тергеу тексеру жұмыстарын бастады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров