Елімізде биыл халық санағы өтеді

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Халық санағы екі тәсілмен жүргізіледі

Елімізде биыл 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жалпыұлттық халық санағы өтеді, деп хабарлайды "Экспресс К".

Ұлттық статистика бюросы халық санағы автоматтандырылып, оған заманауи цифрлы технологиялар енгізілетінін мәлім етті.

Санақ екі тәсілмен жүргізіледі. Оның біріншісі, 1 қыркүйектен бастап sanaq.gov.kz арнайы сайты іске қосылады. Бұл сайтта қазақстандықтар 15 қазанға дейін санаққа қатысты тиісті сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Ал екіншісі — дәстүрлі жалпы аралау. Бұл процесс 1-30 қазан аралығында, нақты белгіленген уақытта санақтан онлайн-режимде өтпеген тұрғындар арасында жүргізіледі.

"Дәстүрлі кезеңнің жаңашылдығы — интервьюерлердің үй аралау кезінде электронды планшеттер қолданылады. Бұл санақ жүргізетін қызметкерлердің еңбек шығынын төмендетуге, мәліметтер сапасына адам факторының ықпалын азайтуға, ЖСН-ді енгізе отырып, санақ мәліметтерінің нақтылық деңгейін арттыруға, қағаз бен кеңселік құралдарды айтарлықтай үнемдеуге, сондай-ақ интервьюерлер үшін қолайлылық пен олардың жинақылығын арттыруға мүмкіндік береді", — деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Айта кетейік халық санағын жүргізу жұмысына 32 мыңнан астам адам жұмылдырылады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров