Мектепке кейбір заттарды апаруға тыйым салынады

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Енді жаңа заң күшіне енсе, үшкір, қауіпті, амдам өміріне зиянын тигізетін заттар мектепке кіргізілмейді, дейді «Экспресс К» Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Биылғы жыл басында Ішкі істер министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі бірігіп, мектепке апаруға болмайтын кейбір заттар мен бұйымдар жөнінде мәселені талқылап келеді. Соған сәйкес бұйрық қазір Әділет министрлігінің қарауында. Бұл қаулы осы айда заңдық күшіне енеді дейді. Білім беру ұйымдарына тыйым салынған заттар қатарында қару, пышақ, рогатка, кастет және өзге де үшкір заттар бар. Сондай-ақ жарылғыш заттар мен аэразольды бояулар, ператехникалық құралдарға, газ балондарына да тыйым салынады.

Қазір білім беру ұйымдарын бейнебақылау қондырғылармен қамту жұмыстары әлі де жалғасуда. Ірі қалалардағы мектептерге мамандандарылған жеке күзет қызметін тарту көзделіп отыр. Алайда бұған дейін кейбір білім мекемелері мен күзет қызметі арасында 11 жылға келісім шарт жасалған. Бүгінде мұндай қызметпен 408 мектеп қамтылған. Сондай-ақ алдағы уақытта барлық білім беру ұйымдарына бақылау өткізу және электронды рұқсат жүйесі енгізіледі. Бүгінге дейін мыңнан аса мектеп орталықтандырылған дабыл түймесіне басатын бақылау қондырғысына қосылған. 333 мектеп турникет жабдығымен қамтылған.

— Қазан қаласындағы жағдайға байланысты жақында шұғыл отырыс болды. Біз көп ұзамай білім беру ұйымдарымен бірігіп барлық мектептердің терроризмге қарсы қорғаныс жағдайын бақылаймыз. Бұл тексерісті де жақын уақытта аяқталады. Шығарылған қорытынды бойынша ұсыныстар Үкіметке жолданады

деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров