Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін қалай тойлайды?

Диас АЛТАЙ

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев туғанын күнін қалай атап өтетінін айтты, деп хабарлайды "Экспресс К".

-Бүгін таңнан бері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері хабарласып, Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?

деп сұрап жатыр.

Бұл жайында былтыр арнайы түсініктеме берген едік. Дегенмен тағы бір мәрте айта кетейік.

17 мамыр әдеттегідей жұмыс күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілген кестеге сәйкес жұмыс істейді. Сондықтан ешқандай іс-шара ұйымдастырылмайды, тіпті, Әкімшілік қызметкерлеріне де Президентті құттықтауға рұқсат етілмеді. Мемлекет басшысы үшін бүгін қалыпты жұмыс күні. Оның әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған"-деді Президенттің баспасөз-хатшысы Берік Уәли.

Сондай-ақ ол, қазірдің өзінде көрші мемлекеттердің басшылары және Үкімет, Парламент, халықаралық ұйымдардың жетекшілері жүрекжарды тілектерін жеделхаттар арқылы жолдауда, сондай-ақ, телефон шалып құттықтауда.

Құттықтаулар толассыз келіп жатыр деп жазды өзінің Facebook парақшасына.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров