Заңсыз балық аулағандар ұсталды

Express Qazaqstan

ПД баспасөз қызметі

16-сәуірден бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Уылдырық-2021» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Арнайы Рейд кезінде заңсыз әрекеттерге барған бірнеше факт анықталды. Қылмыс үстінде ұсталғандары да бар- деп хабарлайды «Экспресс К»

ПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Іс-шараны өткізу барысында 4 мамыр күні Ақмектеп ауылының 33 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Ол мінген резеңке қайықтан көп мөлшердегі заңсыз әртүрлі балық табылған.

Тексеріс кезінде 51 кг көксерке, 4 кг шортан, 64 кг табан және 17 кг алабұға балықтарын тәркіленді. Келтірілген швғынның жалпы сомасы 300 000 теңгені құрайды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 335 — бабы 3-бөлігі 3-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиевтің айтуынша; " Осы жолғы жедел алдын- алу іс-шарасы кезінде 239 рейд жүргізіліп, нәтижесінде 235 құқық бұзушылық фактісі анықталып. 1400 келіден астам заңсыз ауланған балық тәркіленген. Нәтижесінде 1 700 000 теңге көлемінде шығын келтіріліп отыр. Сонымен қатар, Ведомстволық бағыныштылығы бойынша шаралар қабылдау үшін 4 істің материалы аумақтық балық инспекциясына жіберілді. Олар да Өз кезегінде заң шеңберінде тиісті шара қолданатын болады. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады"

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров