Түркістан облысында бақташы сиыр ұрлаған

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Түркістан облысының Отырар ауданында бақташы өзіне бағуға сеніп тапсырылған сиырларды ұрлады деген күдікпен ұсталды. Жәбірленушіге келген шығын 1,2 миллион теңге.

Бұл туралы "Экспресс К" Polisia.kz ақпаратына сүйеніп хабарлады.

Отырар АПБ-ға жергілікті тұрғыннан арыз келіп түскен. Ол азаматтың айтуынша, 46 бас ірі қара малын бақташыға бағуға берген. Аптасына бір барып, сиырларын бақылап жүрген. Кезекті бір барғанында арасынан төрт сиырының жоқтығын байқаған. Содан соң олардың ұрланғанын біліп, тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінген. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 1,2 миллион теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Отырарлық полицейлер хабар түсісімен оқиға орнына толық құрамда жедел жетіп, істің ақ-қарасын ажыратуға бірден кірісті. Тәртіп сақшылары куәгерлерден жауап алып, айналаны мұқият тексерді. Нәтижесінде жәбірленуші азаматтың төрт бас сиыры бақташының үйінен табылды. Осылайша күдікті анықталып, ПБ-не жеткізілді. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, бақташы сиырларды күндіз жайылымда бағып, күн бата үйіне алып барған. Содан соң ірі қара малдардың ішінен төрт сиырды таңдап, өзі иелену мақсатында олардың ен-таңбаларын өзгерткен. Алайда полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында арам ойы іске аспады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров