Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

Оскар БЕК

instagram.com / kris.p.online

Алматыда екі жүк көлігінің ортасында жеңіл авто жапырылып қалды,-деп хабарлайды "Экспресс К".

Оқиға куәгерлері түсірген фото инстаграм желісінде жарияланды. Апат Алматы шетіндегі Көкөзек ауылында болған. Қызыл көлік екі Камаздың ортасында жапырылып, сау тамтығы қалмаған. Жапа шеккендерге қатысты әзір Полиция департаменті ресми ақпарат таратпады.

Полиция осы жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Hualing маркалы жүк көлігі кептеліс кезінде ара қашықтықты сақтамай Mazda 626 көлігіне соғылып, инерциямен алдындағы Volvo жүк көлігіне барып жабысқан. Қақтығыс салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров