Қазақстанда ауа-райы салқындайды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қазақстан аумағында 18-20 мамыр аралығында жаңбыр жауғаннан кейін күн салқындайды, деп болжайды синоптиктер.

"Қазгидромет" РМК-ның хабарлауынша, аптаның ортасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде, атмосферада өзгерістердің болуына орай кей жерлерде күн күркіреп, шығыста, солтүстікте, орталықта жаңбыр жауады. 20 мамырға қарай еліміздің оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады.

"19 мамырдан бастап Салехарда аудандарынан суық антициклонның келуіне байланысты күндіз температура солтүстікте плюс 12-17 дейін, орталықта 15-20 дейін, кей жерлерде 12 дейін, шығыста 10-15 дейін, кей жерлерде 7 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Республика бойынша жекелеген аудандарда жел күшейіп, дауыл тұрып, бұршақтың жауып кетуі мүмкін", — делінген болжамда.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров