Халықаралық іздеуде жүрген үшеу АҚШ-та ұсталды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген үш Қазақстандық АҚШ-та қолға түскен. Бұл туралы ҚР ІІМ арнайы өкілі Нұрділда Ораз айтты, деп хабарлайды "Экспресс К"

Ұсталған азаматтар алдыңғы уақытта Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында орын алған ірі көлемдегі алаяқтық қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінген. Қазір олар елге депортацияланып, Алматыдағы тергеу абақтысына қамауға алынды. Ұсталғандарды интерпольдың Қазчқстандық бюросы АҚШ-тың құқық қорғау орындарының көмегімен қолға түсірген.

Министрлік өкілінің айтуынша халықаралық іздеуде жүрген азаматтарды ұстаудың географиялық мүмкіндігі соңғы кезде едәуір ұлғайған көрінеді. Мвсал ретінде соңғы бес жылда іздеуде болған бірнеше азамат ТМД елдерінен бөлек, Германия, Түркия, Сенегаль,АҚШ, Израйл, БАӘ, Ұлы британия, Испания, Тайланд елдерінен ұсталынып елге депортацияланған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров