Хайуанаттар бағында өлдіге саналған қояндар тірі болып шықты (видео)

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Ақтау қаласының «Ақбота» саябағында бағылатын қояндар аштан өлмеген. Тұрғындар видеоға түсірген сәтте олар ұйқыда болған деп, хабарлайды «Экспресс К»

Демалыс күндері саябаққа серуендеп барған тұрғандар қояндардың қимылсыз жатқанын көріп, аштан өлді деп ойлаған. Табиғат жанашырлары түсірілген видеоны әлеуметтік желіге салып жауапты тұлғалардан көмек сұраған.

Ақтау қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,"Ақбота" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында орналасқан хайуанаттар бағы жеке кәсіпкер меншігінде. Осыған орай, хайуанаттар бағын тергеп- тексеру және бақылау "Ақбота" МКК-нің құзыретіне кірмейді. Алайда, хайуанаттар бағына жауапты жеке кәсіпкермен байланыстық. Оның айтуынша, бейнеде көрсетілген қолға үйретілген қоян сол сәтте ұйқыда болған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров