"Urker-2021" ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды

Оскар БЕК

Экпресс К

Подзаголовок: Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау мақсатында ұйымдастырылатын "Urker" ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды,-деп хабарлайды Экспресс-К

Өтінімдерді қабылдау уақыты 2021 жылдың 17 мамырынан 15 маусымына дейін жүзеге асырылады. Бәйгеге республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар қатыса алады.

Конкурстық жұмыстар 2020 жылдың 1 қарашасы мен 2021 жылдың 1 маусым аралығында жарияланып, басылымында, интернет-ресурста жариялануы, не радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.

"Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай арнайы номинация қосылды. Сондай-ақ қазылар алқасы құрамына халықаралық медиасарапшылар енгізілді. Жұмыстарды Германия мен Әзербайжан елдерінің білікті мамандары да бағалайтын болады. Марапаттау рәсімі өткен жылдағыдай карантин талаптарына сай, жабық форматта өтеді деп жоспарлануда. Ал өткен жылғы жеңімпаздар қатысуға мүмкіндік бар, ережеге сәйкес оған шектеу жоқ", — дейді ұйымдастырушы топ өкілі Бибігүл Құламан.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 11 номинация бойынша қабылданады. Атап айтар болсақ:

1. Жылдың үздік фотосуреті

2. Жылдың үздік репортажы

3. Жылдың үздік аналитикалық материалы

4. Жылдың үздік журналистік зерттеуі

5. Жылдың үздік сұхбаты

6. Жылдың үздік танымдық материалы

7. Радиостанциядағы үздік жоба

8. Жылдың үздік жаңалықтар порталы

9. Жылдың үздік газеті

10. Жылдың үздік журналы

11. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров