Қызылордада каналға көлік құлап, бір адам көз жұмды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Қызылордада 5 адам мінген көлік каналға құлап кетті –деп, хабарлайды «Экспресс К».

Оқиға орнында 1961 жылы туған жолаушы көз жұмған. Құтқарушылар оның жансыз денесі мен автокөлікті сыртқа шығарып алды.

"Оқиға бүгін таңғы 04.50 шамасында болған. "Skoda" көлігі "Қызылорда-Жезқазған" трассасы бойындағы каналға құлаған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, адамдарды судан шығарып алды — деп мәлім етті облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Жүргізуші мен қалған жолаушылар қазіргі кезде дәрігерлердің тексеруінен өткен. Денсаулықтары қалыпты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров