5,8 мың шақырым ақылы автожол қолданысқа беріледі

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Келесі айдан бастап 5,8 мың шақырым ақылы автожол қолданысқа беріледі.

Келесі айдан бастап ұзындығы 5,8 шақырымды құрайтын жол ақылы негізде қызмет көрсетеді. Жалпы жоспарға сәйкес, 2025 жылға қарай 11 мың шақырым ақылы жолдарды пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл туралы "Экспресс К" "ҚазАвтоЖол" АҚ-ына сілтеме жасап хабарлайды. Сондай-ақ қызмет үшін төлем алудың "ашық" жүйесі енгізіледі. Төлем көліктің Мемлекеттік номері арқылы жасалады. Бұл үшін арнайы (RFID-белгі) қойылмақ. Ол арқылы автокөлік пен төлем жайлы нақты ақпаратқа жылдам әрі ыңғайлы негізде қол жеткізбек.

Алдағы уақытта көрсетілген мерзім ішінде мына жолдар ақылы жүйеге көшпек: Шымкенттен Өзбекстан шекарасына дейін, Орал — Ресей Федерациясы шекарасы (Саратов); Орал — Ресей Федерациясы шекарасы (Самара); Ресей Федерациясы шекарасы (Орынбор) — Ақтөбе; Щучинск — Петропавл; Шымкент — Қызылорда; Шымкент — Тараз; Тараз — Қайнар; Қапшағай — Талдықорған; Қарабұтақ — Қызылорда; Ақтөбе — Орал; Атырау — Бейнеу — Өзбекстан шекарасы; Ақтау — Бейнеу; Қостанай — Ресей Федерациясы шекарасы (Троицк); Нұр-Сұлтан — Қостанай; Павлодар — Ресей Федерациясы шекарасы (Омбы); Нұр-Сұлтан — Павлодар; Павлодар — Семей — Қалбатау.

Ақылы жүйе — қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жол апатын азайтып, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін әсер етеді. Сондай-ақ Жол-көлік апаты азайып, жол инфрақұрылымы, жол бойындағы сервис нысандардың сапалы қызмет көрсететін болады-делінген хабарламада. Тағы бір жаңалық ақылы жүйе енгізілмес бұрын жолдарды қайта жаңарту жоспарлануда.

Мысал ретінде, қайта жаңарту жұмыстары жүргізілгеннен кейін "Ақтөбе-Орал-Ресей шекарасы" автожолындағы көлік апаты 25%-ға, "Нұр-Сұлтан-Павлодар" автожолында 46%-ға, "Қызылорда-Шымкент-Тараз" автожолында 43%-ға, ал "Павлодар-Семей-Қалбатау" учаскесінде 62%-ға төмендеген", — деген дерек келтіруде ұлттық компания.

Сондай-ақ жол тарифінің төлем мөлшерлемесін ИИДМ бекітетін болады.

Сондай-ақ тест ретінде пайдалану барысында автокөліктерден төлем алынбайды", — деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров