Қонаевқа қастық қылған кім?

Диас АЛТАЙ

© Шоқан АЛХАБАЕВ

Дінмұхамед Қонаевтың суретін әжуалап тастаған бұзақылар іздестіріліп жатыр.

Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаевтың суретін әжуалап тастады деп хабарлайды "Экспресс К", Tengrinews.kz. сілтеме жасап.

Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші қатшысы бейнеленген мурал осыдан төрт жыл бұрын 122 мектептің маңындағы ғимарат қабырғасында пайда болды. Алайда белгісіз біреулер мемлекет қайраткерінің құрметіне салынған суретке мұрт қойып, мазақ қылыпты. Қазір Алматы қалалық полициясы Қонаевтың портретін бүлдіргендердің кім екенін анықтауға кірісті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров