Қазақстан
«Бәрі өтірік!» Бүркіт пен Айша үндеу жасады (видео)


instagram.com / berkut_aibekjan
Жұлдызды жұп – Бүркіт пен Айша тыңдармандары мен Instagram-дағы оқырмандарына мәлімдеме жасады. Олар ешқандай да ұтыс ойынын өткізіп жүрмегенін, өздерінің атынан пәтер және тағы басқа бағалы заттарды ұтысқа қойып жатқандардың алаяқтар екенін жеткізді.
Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жазды деп хабарлайды "Экспресс-К". Ол осыны жұбайы Айшамен бірге айтқан видеосын да салған.
Біз ешқандай ойын өткізіп жатқанымыз жоқ! Оның бәрі өтірік! Басқа біреулер біздің атымыздан өтірік ойын өткізіп жатыр! Абайлаңыздар!
Сондай-ақ, Айбек өздері атқарып жатқан істің бәрін осы парақшаға салып отыратынын айтқан.
Бөлісу