Атырауда адам өлтірмек болғандар сотталды

Express Qazaqstan

vestikavkaza.ru

Атырауда өзен жағалауында атыс ұйымдастырып, адамдарға қарсы оқ атқан 4 жігіт сотталды. Оларға 11 жыл 6 айдан 3 жылға дейінгі түрлі мерзім кесілді, - деп жазады «Экспресс-К».

Өткен жылдың 12 шілде күні күндізгі 15:00 шамасында қаланың төрт тұрғыны өздеріне амандаспаған жігітті ұрып-соққан. Кешке қарай қайта жиналып, төбелес кезінде түрлі травматикалық қарудан оқ атып, қарсыластарын өлтірмек болған. Осылайша үш адамды жаралап, екеуі облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіледі. Кейін қаруды өзенге ағызып жібереді.

— Сотталушылардың кінәлары жәбірленушілер, куәлардың жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен басқа да дәлелдемелер жиынтығымен дәлелденді. Сотта біреуі кінәсін мойындамай өзін ақтауды сұрады, ал қалған сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, жасаған қылмыстарына шын жүректен өкінді,- деп мәлімдеді Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында.

Сот үкімімен біреуі 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына, екіншісі 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына, қалған екі сотталушы 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров