Бірнеше жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Express Qazaqstan

© ЭК

Жедел уәкілдер тобы күдіктіні Мәскеу қаласынан тауып, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізді.

13 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды, — деп хабарлайды "Экспресс К"

2008 жылы Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын танысы "Өзбекстан елінен ірі мөлшерде ет алып келіп беремін" деп 2 500 000 теңгесін алып кеткенін көрсеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеп іздестіру жұмыстарын жасаған. Алайда ақпарат көзінің жоқтығына байланысты қылмыскерді ұстау оңайға түспеген.

Бүгінгі таңда күдіктіден алған ақшасын толығымен жәбірленушіге қайтарды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров