Алматы облысында кішкентай қыз көліктен кұлап кетті

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Алматы облысында үш жастағы қыз жүріп келе жатқан автокөліктен құлап кетті. Әлеуметтік желілерді мониторингілеу кезінде бүлдіршіннің “Hyundai Elantra-дан” құлап түскен видеосы жарияланғаны анықталды. Видеода қыздың көліктен есігі ашылып қалған кезде түсіп кеткені көрініп тұр.

Бұл туралы "Экспресс-К" Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Іле ауданындағы Өтеген батыр кентінде болған. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде патрульдік полиция ротасының инспекторлары көлікті тізгіндеген 32 жастағы әйелді ұстады. Құлап кеткен бала көліктің алдыңғы орындығында отырған. Онда баланы ұстап тұратын құрылғы болмағандығы анықталды. Бүлдіршін зардап шеккен жоқ.

"Hyundai Elantra-ның" жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғалды. Баланың анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров