Атырауда мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына тартқан

Express Qazaqstan

© ЭК

Атырауда жөндеу жұмысына 440 млн теңге бөлінген мектептің еденін ұстаздар жамап, жөндеу жұмыстарын аяқтап жатыр. Осы фактіге байланысты құзырлы органдар тексеріс жұмыстарын бастап кетті,- деп жазады “Экспресс-К”.

Ұлағатты ұстаздар Атырау қаласында орналасқан М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектептің бітпей қалған жөндеу жұмыстарын жасаған. Олар спортзалдың еденін жөндеген. Сондай-ақ қыруар қаржыға жөнделген мектептің жөндеу жұмыстары да сапасыз жүргізілген.

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шангерееваның айтуынша, қазіргі уақытта аталған білім беру ұйымына тексеріс жүргізіліп жатыр.

— Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен тексеріс жүргізілуде. Жағдай қатаң бақылауда болады.

деді білім бөлімінің басшысы.

М.Бекмұхамбетов атындағы орта мектебіне 2020 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Бүгінде жөндеу кезіндегі дұрыс жасалмаған жұмыстар бойынша кепілдік мерзімі ішінде қалпына келтіру туралы мердігер мекемеге хат жолданған.

Енді мектепті құзырлы органдар тексеріп, ұстаздарды жөндеу жұмысына салған директор жазаланатын болады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров