Маңғыстау облысы
Жаңаөзенде жасөспірімдердің ата-аналарына айыппұл салынды


© ЭК
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында компьютерлік клубта ойнап отырған бес жасөспірім ұсталды деп, хабарлайды "Экспресс-К".
"Балалардың ата-аналарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 442-бабы, 1-тармағы бойынша үш айлық есептік көрсеткіште айыппұл салынды. Компьютер клубының иесі ойын залында кәмелетке толмаған балалардың болғанын білмегенін айтып ақталғанымен, ҚР ӘҚтК 132-баптың 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды", — деп хабарлайды Жаңаөзен қаласының Полиция басқармасы.
Айта кетейік, Жаңаөзен полициясының есебінде түрлі құқықбұзушылық жасаған 40 жасөспірім тіркелген.
Бөлісу