Мәскеуде атыс ұйымдастырмақ болған оқушы ұсталды

Express Qazaqstan

gazeta.ru

Оның пәтерінен қару-жарақ табылды

Мәскеу қаласында оқушы мектепте атыс ұйымдастырмақ болған, деп хабарлайды "Экспресс К".

"Матвей есімді 16 жастағы мектеп оқушысы 15 жастағы құрбысына қылмыс жасау туралы жоспарын айтып берген. Мұны естіген ол қатты қорқып, бірден анасына жеткізген. Өз кезегінде анасы дереу полицияға қоңырау шалады. Қылмыстық әрекетке бармақ болған Матвейдің үйіне тәртіп сақшылары да уақыт оздырмай жетіп барады. Тәртіп сақшылары келгенде бозбала құрбысына әзілдегенін, ондай әрекет жасау ойында болмағанын айтып, түсіндірмек болады.

Дегенмен, Матвейдің пәтерін тінту кезінде қару-жарақтар табылады. Нақтырақ айтқанда, тәртіп сақшылары пневматикалық автомат, пневматикалық тапанша, "RS-31" маркасындағы "Жевело-Н" револьвері, танкке қарсы гранатаның бос түтігін тапқан.

Еске сала кетейік 11 мамырда Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 мектепте атыс болды. Аталмыш мектептің түлегі — Ильназ Галявиев жасаған атыста 7 оқушы мен 2 мұғалім қаза болып, 20 адам жарақат алған болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров