Ресейде алапат өрт

Express Qazaqstan

© РИА Новости

Екатеринбург - Тюмень федералды тас жолында өртке байланысты қозғалыс шектелді. Шарпыған жалын орманды жағалап демалыс орталықтарының біріне жеткен. Ондағы барлық ғимараттар жалынға оранды, сол маңайдың 400-ге жуық тұрғыны қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Қызыл жалынмен алысуға 200-ден астам адам жұмылдырылған. Өрт ауадан да сөндіріліп жатыр.

Екатеринбург — Тюмень федералды тас жолында орман өрті салдарынан көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды "Экспресс К" РИА Новостиге сілтеме жасап.

Свердлов ауданы бойынша жол полициясы басқармасының мәліметінше, "Екатеринбург-Тюмень" федералды тас жолының учаскесінде ормандағы өртке байланысты көлік қозғалысы шектелген.

123-тен 143 шақырымға дейінгі аралықта орман өртіне байланысты қозғалыс жабық. Мемлекеттік жол полициясы көліктерді Камышлов қаласы арқылы өткізіп, жол қозғаласын реттеп жатыр.

делінген хабарламада.

Жол полициясы жүргізушілерге өте мұқият болуға, жылдамдықты асырмауға және жол инспекторларының айналма жолмен жүру талаптарын орындауға кеңес береді.

Бұған дейін, kommersant.ru Түмен облысында өрттің салдарынан төрт шипажайдан науқастар эвакуацияланып, науқастар дәрігерлердің бақылауында екенін жазған болатын.

Аймақтағы жедел штабтың хабарлауынша, Түмен облысында өртті сөндіруге: Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Росгвардия мен полиция, Түмендегі орманды жерден және әуеден қорғау ; РСЧС территориалды бөлімі қатысты. Инженер әскерлерінің арнайы техникасы өрт тарамау үшін орманның жиегіне минералданған жолақ жасап жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров