3 жастағы екі бала суға батып кетті

Экспресс К

yarnovosti.com

Екі баланың денесі қауын егістігін суаруға арналған арықтан табылған.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында жоғалған екі баланың денесі қауын егістігіндегі су арнасынан табылды, деп хабарлайды "Экспресс К"

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға 17 мамыр күні болды. Үржар аудандық полиция бөліміне сағат 13:40-та Елтай ауылынан үш тастағы екі бала жоғалып кетті деген хабар түседі. Балаларды іздеуге дереу шыққан тәртіп сақшылары елді мекеннің әр түкпірі мен шұқырына дейін тінту жүргізеді.

Балалардың айрықша белгілері туралы жан-жаққа ақпарат таратылып, іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындармен мен құтқарушылар жұмылдырылған. Іздеу нәтижесі бойынша, екі баланың өлі денесі үйлерінен 350 метр жердегі қауын егістігін суаруға арналған арықтан табылған. Аталған факті бойынша сот алды тергеу басталды. Өлім себебін анықтау бойынша сот-медициналық сараптамасы жүргізіледі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров