Головкин үздіктер рейтингінде белгілі боксшылардан озды

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Геннадий Головкин үздік боксшылар рейтингінде 13-орында тұр.

Головкин Мұхаммед Али, Оскар де ла Хойя және Рой Джонс сынды аты аңызға айналған боксшыларды басып озды, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кетейік, 39 жастағы Головкин IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанған. Ал американдық Флойд Мейвезер бокс тарихындағы ең үздік спортшы ретінде танылды. Екінші орынға Эззард Чарльз, үшінші орынға Мэнни Пакьяо жайғасты. Сондай-ақ Арчи Мур, Рэй Робинсон, Джо Кальзаге, Хуан Мануэль Маркес, Бернард Хопкинс, Андре Уорд және Владимир Кличко ТОП-10-ға кірді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров