Риддерде автобус өртенді

Express Qazaqstan

ТЖД

17 мамырда сағат 12.26-да Риддер қаласы Самоквитов көшесінің бойындағы 2 қабатты тұрғын үйдің ауласында Mercedes автобусы өртенді.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру топтары жедел түрде 25 шаршы метр аумақтағы өртті сөндіріп, оның одан әрі таралуына жол бермеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

— ШҚО ТЖД мамандары болған оқиғаны өртке ұқыпсыз қарау нұсқасын қарастырып отыр. Жыл басынан бері облыста 70-тен астам автокөлік өрті орын алды. ШҚО ТЖД құтқарушылары әрбір автокөлік иесі өз көлігінің өртенуіне жол бермеу үшін алдын алуға болытының ескертеді (өртеуді қоспағанда). Машинаның техникалық жағдайын мұқият қадағалап отыру керек және уақытында техникалық тексеруден өтуі керек. Егер автоматты түрде іске қосу немесе дабыл сияқты машинаны техникалық "жаңартуды" жасағыңыз келсе, оны білікті мамандардан орнатыңыз және түпнұсқа құрылғыларды сатып алуға үнемдеу жасамаңыз, — деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров