Қазақстан
Елімізде эпидемиологиялық жағдай жәйлап тұрақталып жатыр


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Елімізде коронавирус дертінің төмендеуінің оң динамикасы байқалады, деп хабарлайды "Экспресс К". Бұл жайында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
Қазіргі уақытта аурудың төмендеуінің оң динамикасы және эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Соңғы екі аптада ауруды жұқтыру көрсеткіші 20% — ға төмендеді.
Оның мәліметінше, 18 мамырдағы жағдай бойынша инфекциялық төсектердің толуы 36%, реанимациялық төсектердің 28% болып отыр.
Қазір қызыл аймақта алты аймақ: Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Атырау облысы қалып отыр. "Сары" аймақта бес өңір бар: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай, Шымкент. Қалған алты аймақ "жасыл " аймақта.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 мың 837 жаңа жағдайы тіркелді. Пандемия басталғаннан бері елде барлығы 362 мың 30 Сovid-19 жағдайы расталды.
Бөлісу