"Спутник V" екпесінің екінші компонентін 21 күннен кейін алуға болады

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Коронавирусқа қарсы "Спутник V" екпесінің екінші компонентін 21-ші күні салдыруға болады, деп хабарлады Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

"Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына бірінші дозаны алғаннан кейін 21-ден 90 күнге дейінгі кезеңде" Спутник V" вакцинасының екінші компонентімен вакцинациялауға жол беретін өзгерістер енгізілді. Осылайша, азаматтар бірінші дозадан кейін 21 күннен бастап екінші дозаны ала алады", — деді Цой сейсенбідегі брифингте.

Бұрын ол вакцинаның екінші дозасын 21-ші күні тек кейбір жағдайларда, мысалы, іссапар кезінде алуға болатындығын айтқан. Басқа жағдайларда екінші компонент "Спутник V" бірінші дозасын алғаннан кейін 45-ші күні салынады.

Мамыр айының басында бас санитар дәрігер тиісті қаулыға қол қойды. Оған сәйкес Қазақстанда "Спутник V" бірінші және екінші дозаларын алу арасындағы интервал мерзімі 21-ден 45 күнге дейін ұзартылды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров