Гүлді тамырымен жұлып, Қытай асырып жатыр!

Express Qazaqstan

facebook.com / saule.radik

Қазақ даласында өсетін Сұңғыла (заразиха) деп аталатын гүлді белгісіз біреулер тамырымен жұлып Қытай асырып жатқан көрінеді. Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желі қолданушысы Сәуле Алипова дабыл қақты.

Оның айтуынша, Бақанас құмдарында өсіп тұрған осы гүлді тамырымен жұлып жинау үшін жергілікті жерден жұмысшы қолын жинап жатыр екен. Және әрбір жұмысшының күндік еңбекақсы 10 000-12 000 тг деп белгіленген.

Жазба авторы, "Мұның қандай емдік қасиеті бар екенін әзірге білмеймін. Алайда, осы гүлдің тамыры болса керек (суретіне қарап болжап отырмын) камаздап жиналып қытай асып жатқан сияқты. Себебі, осыны жинауға жұмысшылар жинап жатыр. Дәл қазір жинайтын мерзімі екен. Сәл тұрса уақыты өтіп жоғалып кетеді екен"-деп көрсетті.

Сондай-ақ ол "Еліміздің емге дәру шөптерінің тамырынан қиып жоғалғанына қынжылып отырмын.

Әлде, мен бос даурығып жатырмын ба?

Мияның тамыры кеткендей бұл да іздеусіз кете берсін бе?

Түсіндіретін біреу бар ма?"-деп ашынды жазбасында.

Біз авторға хабарласқанымызда Өзінің Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылында тұратынынын айтты. Айтуынша аталған мәліметті сол ауылдағы қандас бауырларымыздың "watsapp" желісі арқылы жұмысқа шақырған хабарландыруынан білген. Ауылдастардың "Watsappтағы" тобына осы гүлдің суретімен салып, осыны жинауға жұмысшы іздеп жатыр деп дауыстық хабарлама түсті, ары қарай сұрастырып білгесін, туған табиғатымызды қорғау мақсатында әлеуметтік желіде дабыл қағуыма тура келді-дейді Сәуле Алипова.Бұл жазбаға пікір білдірушілер бірден жазба авторын қолдап бірнеше комментарий қалдырды.

Алайда, бұл туралы арнайы Құқық қорғау не болмаса Табиғат пен өсімдіктерді қорғайтын ұйым мекемелердің ешқайсысы қандай да бір пікір білдіре қойған жоқ...

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров