Ashyq көмегімен үш мыңнан астам адам анықталды

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Елімізде Ashyq жобасы енгізілген сәттен бастап "қызыл" және "сары" статусы бар 3 256 келуші анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды «Экспресс К».

Елімізде 18 қаңтардан бастап пилоттық режимде "Ashyq" жобасы іске қосылды. Ол 26 сәуірден бастап толығымен қолданысқа енгізіле бастады.

деді Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрі қазіргі уақытта Ashyq жүйесі 6 мыңға жуық нысанды қамтитынын, оған 1 млн 400 мың пайдаланушы тіркелгенін мәлім етті.

Ashyq енгізілген сәттен бастап "қызыл" және "сары" статусы бар 3 256 келуші анықталды, оның ішінде ПТР-тестінің оң нәтижесі бар 1 867 науқас және 1 389 байланыста болған адам бар.

деп атап өтті Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, 12 мамырдан бастап пилоттық режимде Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға қолданылуда, ал 21 мамырдан бастап Алматы қалаларындағы әуежайға енгізіледі. Нәтижесінде ПТР-тестінің оң нәтижесі бар 37 науқас және 37 байланыста болған адам анықталды.

Айта кетейік, "Экспресс К" редакциясы осыған дейін елорда әуежайында Ashyq жүйесінің жұмысын анықтап білді. Әуежай қызметкерлері рейске "көк" және "жасыл" статусы бар жолаушыларды ғана өткізетіні хабарланды. Сол сияқты шетелдік жолаушыларға арналған алгоритм де көрсетілді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров