Есірткіні жасырғандар ұсталды

Оскар БЕК

ПД баспасөз қызметі

Есіркіні тұрғын үй ауласында жерге қазып жасырған.

Алматыда полиция қызметкерлері есірткіні ауласына жасырып келгендерді ұстады, деп хабарлайды "Экспресс К".

Әуезов ауданының патрульдік полицейлері тұрғын үй аулаларын аралау кезінде екі күдіктіні байқайды. Жігіттер жер қазып жатқан сияқты болды, бірақ олар бағбандарға ұқсамады,-дейді Полиция департаментінің өкілдері

— Патрульдік көлік жақындай бастаған кезде, күдіктілер қашуға тырысты. Олар полициядан жасырына алмады. Қатты қобалжыды және олардың әрқайсысының қалталарын жеке тексеру кезінде есірткі орамдары түсіп қалды. Ұсталған — 2003 жылы туған азаматтың киімінің қалтасынан полиэтилен пакетке оралған 30 өсімдік тектес зат табылды, ал оның досы — 2004 жылғы азаматтан осыған ұқсас 20 пакет тәркіленді. Көрсетілген заттар сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Ұсталғандар сол жерде не істегендерін және бұл пакеттерді қайдан алғанын түсіндіре алмады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, — деді Әуезов аудандық Полиция бөлімінің басшысы Ұлан Әбілхайыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров