Ертіс өзені қоқыс полигонына айналды

Диас АЛТАЙ

© ЭК

Семейде Ертіс өзенінің жағасы қоқыс төгетін полигонға айналды деп хабарлайды «Экспресс К».

Тау болып үйілген тұрмыстық қалдықтар тіпті өзенге қосылып, су ластана бастаған. Өйткені көктем шыққалы өзенінің деңгейі көтірілген. Сол себепті жағада жатқан күл-қоқыс Ертіске қосылып жатыр. Ал, су бетінде қалқыған пластик құтылардан көз сүрінеді дейді тұрғындар. Алайда жергілікті шенеуніктер өзеннің ластануына саяжай тұрғындарын кінәлауда. Олар қоқыс шығаруға ақша аяп, барлығын өзен жағасына үйе береді екен.

-"Шаһардың 70 пайыз тұрғыны ғана тазалыққа жауапты мекемемен кілісім-шарт жасаған. Қазір барлығын қамтуға кірістік. Ертіс өзенінің жағасы тұрмыстық-қалыдық төгетін жер емес екендігін айтып, жұртқа түсіндіру жұмыстарын да жүргіздік. Бүгінде өзен жағасын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр"-дейді Семей қаласның ТКШ және тұрғын үй инспекциясыбөлімінің басшысы Руслан Серғазин.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров