Санитарлық талаптар әлі де сақталмай келеді

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Елордада жыл басынан бері 1600-ден астам жолаушы маска тақпағаны үшін қоғамдық көліктен түсірілді

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлікте бетперде тағу режимі қолданылады. Бүгінге дейін бұл тәртіпті орындаудан бас тартқандарға тиісті жаза қолданылғандары да бар. Бұл туралы "Экспресс К" елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жолаушылардың автобустарда бетперде тағуын күнделікті тексереді.

Жыл басынан бері көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері бас санитарлық дәрігердің қаулысын бұзған 5 мыңнан астам жолаушыны анықтады. 1665 адам автобустан түсірілді.

Құрметті жолаушылар, қоғамдық көлікте бетперде тағу режимін сақтау туралы тағы да ескертеміз. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.

делінген департамент хабарламасында.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров