Б. Шүкенов ескерткішінің эскиздері жарияланды

Express Qazaqstan

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Елордада Батырхан Шүкеновке арнап орнатылатын ескерткіштің эскиздері жарияланды.

Батырхан Шүкенов ескерткішінің үздік эскиз-идеясына арналған байқау мамыр айының соңына дейін жалғасады. Алғашқы эскиздер жарияланды, олардың арасында әншінің сүйікті музыкалық аспабы — саксофонмен бейнеленген кейпі де бар. Бұл туралы "Экспресс К" елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасының оң жағындағы төменгі бұрышта "Кері байланыс" арқылы, сондай-ақ centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады.

Қалалық саябақтардың біріне композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарлануда. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, көрнекті әнші және композитор Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Ол 2015 жылы 28 сәуірде қайтыс болды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров