Арақ жасайтын астыртын цех анықталды

Диас АЛТАЙ

Бейнеден кадр

Ақмола облысында астыртын арақ құюмен айналысқан цех анықталды деп хабарлайды «Экспресс К».

Ақмолаоблыстық ПД сілтеме жасап. 16 мамыр күні тәртіп сақшыларына Хасенов базарының маңындағы гараждардың бірінде жасырын спирттік өнім дайындалатыны туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына барған полицейлер расыменде арақты қолдан жасап жатқан жігіттің үстінен түсті. 33 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны бұл кәсіппен 2 жылдан бері айналсады екен. Оның астыртын цехынан 600 литр сұйықтық табылды. Оның тең жартысы дайын өнім болса, 300 литрі спирт екені анықталған. 5 литрлік пластик құтыларға құйылған заңсыз арақ қара базарда көтерме бағамен сатылып келген. Қазір оңай олжаны көздеген күдіктіге қатысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров