Елордада қоғамдық тәртіпті бұзған трансгендер ұсталды

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Тәртіпті бұзған трансгендерге әкімшілік іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астаналық" сауда үйі маңайында қоғамдық тәртіпті бұзып, жаман сөз айтқан трансгендер қолға түсті, деп хабарлайды "Экспресс К".

"Осы жылдың 16 мамырында сағат 20.38-де "102" нөміріне "Астаналық" СҮ жанында жастар арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиғаға қатысушылар ұсталып, Байқоңыр ауданының полиция басқармасына жеткізілді. Әкімшілік іс қозғалды.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту шарасы қолданылатынын ескертеді", — делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода қақтығыс барысында трансгендердің көзден жас ағызатын газ шашқаны айтылады. Алайда Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл мәліметті растаған жоқ.

"Жанжал тудырған қос тарап қазір өзара татуласты. Алайда жаман сөз айтып, бір-бірін балағаттағаны, осылайша қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Ол әкімшілік сотқа жіберілді. Өз кезегінде әкімшілік сот тәртіп бұзғандарға тиісті шара қолданады", — дейді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Эльмира Шауленова.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров