Өңірде жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті

Express Qazaqstan

pixabay.com

Ақтөбеде кәмелетке толмағандар арасында жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті, деп хабарлайды «Экспресс К»

Жаз басталғалы Ақтөбеде велосипед, мотокөлік айдаған балалардың арасында жол-көлік оқиғалары жиілеп кетті. Жыл басынан бері кәмелетке толмаған жүргізушілердің қатысуымен үш жол көлік оқиғасы болып, бір адам көз жұмған.

16 мамыр күні мемлекеттік тіркеу нөмері жоқ "Альфа" мопедін жүргізген кәмелеттік жасқа толмаған жүргізуші елу жастағы ер адамды қағып кетті. Жүргізуші жаяу жүргіншілер жолында тұрғынға жол бермеген. Жарақат алған жаяу жүргінші жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Облыстық полиция департаменті ата-аналарға балаларға мопед, скутер, мотоцикл көліктерін сеніп тапсырмауды, оларға жол ережесіне мұқият болуды айтып отыру керектігін ескертеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров