Елордалық жігіт ұялы телефонды шұлығына тығып ұрлаған

Express Qazaqstan

Видеодан көрініс

Елордадағы бір дүкенде болған ұрлық бақылау камерасына түсіп қалыпты. Ер адам гаджетті шұлығына тығып алып кеткен, деп хабарлайды «Экспресс-К» Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

Нұр-Сұлтанның 25 жастағы тұрғыны дүкенге сатып алушы сияқты боп кіреді. Сосын кеңес берушілердің жоқтығын пайдаланып, телефонды шұлығына тыға қояды. Ол телефон 55 мың теңге тұрады екен.

Полиция қызметкерлері шұғыл іздестіру шарасы барысында күдіктіні қолға түсірді. Жігіт жасаған ісін мойындаған. Ұрлаған заты тәркіленді.

Енді ұсталған азаматтың осы сияқты басқа ұрлықтарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров