Әкім орынбасарының тергеуге алынғаны рас па?

Express Qazaqstan

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Кешелі бері кейбір ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевке қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін бастағаны туралы айтылуда, деп хабарлайды "Экспресс-К".

Әкімнің орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша іс қозғалған. Дегенмен, қазір Мейіржан Мырзалиев денсаулығына байланысты анықтама алғандықтан, жұмысында жоқ екен.

"Шөкеевтің орынбасары 2 миллион пара алды деген күдікке ілінген. Бір қызығы 17 мамыр күні денсаулығына байланысты демалысқа кеткен. Оның қәзіргі статусы белгісіз дейді. Шөкеев басқарған уақытта, жемқорлық болмаған деп дөп айтудың қажеті жоқ! Періште көкте ғана! Дәл осы Шөкеевтің басқару уақытысында жемқорлыққа қатысы бар деп спорт басқармасының басшысы Қырықбаев 2 миллиардтан астам ақшаны жеп қойған деген күдікпен қамауға алынып, қәзір тергеу жүріп, қасында бірге жегендер де қамалып жатыр. Мақтааралда су шайып, үйлер салынып жатқанда, құрылысшы жігіттер жоғарыдағылар 18-20% пайыз "откат" сұрап жатыр деп ашық айтқан. Түркістанда жемқорлық жоқ емес, бар!" — деп жазды өзінің Фейсбук парақшасында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер Айгүл Орынбек.

Ал, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мейіржан Мырзалиевті қылмыстық іс бойынша қорғауға құқылы куәгер ретінде шақырылғандығын жариялады. "Ол күдікті деп танылған жоқ" — делінген хабарламада.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі "Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы ресми түрде уақытша еңбекке жарамсыз"- дейді.

— Ол "гипертониялық криз" диагнозымен облыстық ауруханалардың бірінде. Артық түсініктемелерден аулақ болуды сұраймыз. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі- деген ақпарат таратты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров