«Стилі сондай» полицей қатаң сөгіс алды

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Шымкенттік полицей қызметін формамен емес, Louis Vuitton брендінің жейдесімен атқарған – деп хабарлайды «Экспресс-К». Жұмыс бабында ол футболка мен полицей формасының шалбарын киіп жүрген.

Тәртіп сақшысының бұл әрекеті жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырғандықтан видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

Шымкент базарларының бірінде болған оқиғадан екі полицияның бірі форма киген, ал екіншісі үстіне қара футболка киіп жүргенін байқайсыз. "Тәртіп жоқ", "Стилі сондай екен" дейді сатушылар.

Бірнеше күннен кейін полиция бұл оқиғаға қатысты түсінік берді. Шымкент қаласы құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, қызметтік тексеру жүргізілген.

Нәтижесінде екі қызметкерге де қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров