Адвокат Айтбаеваның ісіне қатысты тың деректермен бөлісті

Express Qazaqstan

Әсел Айтпаева / Айтбаевтар отбасынан алынған фото

Компания тек көлік сатумен емес, осы атты жамылып басқа іспен айналысуы мүмкін.

Нино Андриашвили
Нино Андриашвили

"Экспресс К" тілшісі Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның отбасының мүддесін қорғауды мойнына алған елінде танымал адвокат Нино Андриашвилимен сөйлесті. Адвокат істің кейбір кейбір астыртын тұстарын айтып берді, деп хабарлайды ЭК.

Ниноның айтуынша, іске қатысты кешенді сараптама нәтижесі шамамен бір айдан соң шығады. Дей тұрғанмен, қазірден-ақ зорлау әрекетін болғанын байқау қиын емес. Тергеуді полиция жүргізіп жатыр. Прокуратура да іске кірісті, ол зардап шегуші тараптың құқығын қорғайды.

Күдікті үйленбеген, ересек балалары мен немерелері бар. Бұрын автокөлік ұрлығы үшін сотталған.

дейді адвокат.

Оның айтуынша, аудио жазбадан, Әселдің одан қорқатынын аңғаруға болады. Сондықтан, екеуі үйленгісі келді деген жалған сөз.

Камерадағы жазбалардан, Бесо төменге түсіп, Әсел құлаған жерге барып қарағанын көруге болады. Алайда, полицияға хабар берген ол емес. Бесо Әселдің өлгеніне көзі жеткен соң, пәтерге барып, киім-кешегін жинастырып таксиге мініп кетіп қалады.

дейді Нино.

Әсел жұмысқа орналасқан фирманың директоры Айдос Шаймерденовтан да жауап алынды. Мұрат Мейірбеков сол фирмада директордың орынбасары қызметін атқарған. Бесо Тордуа болса, бизнес серіктесі болған. Фирма биыл сәуір айында ғана құрылған. Іс бойынша Қазақстанға сатылған бір ғана көлік бар.

Сондықтан, бұл компания тек көлік сатумен емес, осы атты жамылып басқа іспен айналысуы мүмкін деген болжам да қарастырылып жатыр.

дейді ол.

Бұған дейін ЭК Грузия тарапы Қазақстанға Мейірбековті ұстау және депортациялау туралы өтініш жібергенін жазған. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамаған, бірақ оны да жоққа шығармаған еді.

Грузияның Бас прокуратурасы өз азаматы Бесо Тордуаға зорлау және өз-өзіне қол салуға итермеледі деп айып таққан.

26 жастағы Әсел Айтпаева 5 мамырда Грузияда түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Ол Нұр-Сұлтан маңындағы Қабанбай батыр ауылында жерленді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров