Құжатқа 40 мыңнан астам қазақстандық қол қойған

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Otinish.kz порталында утилизациялық алымды алып тастау жөнінде петиция жарияланды,- деп жазады «Экспресс-К»

Авторлары атап өткендей, Қазақстанда 5 жыл бұрын көліктерге утилизациялық алым енгізілген. Оның мөлшері 400 мың теңгеден басталып 6 млн теңгеге дейін жетеді. Мысалы, қозғалтқыш көлемі 2 мың см³ болатын темір тұлпар үшін 1,4 млн теңге төлеуге тура келеді. Ал Еуропа елдерінде утилизациялық алым біздің ақшамен 25 мың мен 100 мың теңге арасында болады.

Соның салдарынан елімізде көліктің құны да өсті. Еліміздегі көліктердің көбінің тозуына байланысты атмосфераға шығатын зиянды қалдықтардың көлемі де өсуде.

Еуразия экономикалық одағының басқа елдерімен салыстырғанда, Қазақстанда көлік бағасы өте қымбат.

дейді петицияны жазғандар.

Олар мемлекет басшысының автоқұрастыру өндірісіне берілетін мемлекеттік көмекті қайта қарастырып, утилизациялық алымның құнын Еуропа елдерімен теңестіруді сұрады.

Екі апта бұрын жарияланған петицияға 40 мыңнан астам отандасымыз қол қойған. Әлі де қолдай білдіруге уақыт бар. Себебі қол жинау екі аптадан соң аяқталады. Атап өту керек, otinish.kz платформасында бұл ең танымал құжат болып саналады.

Еске сала кетсек, otinish.kz платформасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен ашылған болатын. Қазақстанда утилизациялық алым алынып тасталынады ма?

Otinish.kz порталында утилизациялық алымды алып тастау жөнінде петиция жарияланды,- деп жазады "Экспресс-К"

Құжаттар авторлары атап өткендей, 5 жыл бұрын Қазақстанда көліктерге утилизациялық алым енгізілген. Құны 400 мың теңгеден басталып 6 млн теңгеге дейін жетеді. Мысалы, қозғалтқыш көлемі 2 мың см³ болатын темір тұлпар үшін 1,4 млн теңге төлеуге тура келеді. Еуропаның салыстаратын болсақ, утилизациялық алым біздің бағамен 25 мың мен 100 мың теңге арасын құрайды.

Соның салдарынан елімізде көліктің құны да өсті. Еліміздегі көліктердің "қартаюына" байланысты атмосфераға түсетін зияндық қалдықтардың көлемі де өсуде.

— Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Қазақстанды салыстырғанда, біздің елде көліктердің бағасы қымбат

дейді петиция авторлары.

Олар мемлекет басшысының автоқұрастыру өндірісіне берілетін мемлекет көмекті қайта қарастырып, утилизациялық алымның құнын Еуропа елдерімен теңестіруді сұрады.

Екі апта бұрын жарияланған құжатқа 40 мыңнан астам қазақстандық қол қойған. Әлі де қол қоюға уақыт бар, себебі қол жинау екі аптадан соң аяқталады. Атап өту керек, otinish.kz платформасында бұл ең танымал құжат болып саналады.

Еске сала кетсек, otinish.kz платформасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен ашылған болатын. Енді аталған петиция мемлекет саясатына әсер ете ала ма екен?

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров