Қазақстандықтар пандемия кезінде 13 елге ұша алады


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Қазіргі уақытта отандастарымыз аптасына 13 елге қырық бағыт бойынша ұша алады,-деп хабарлайды «Экспресс К».
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 117 тұрақты әуе рейсі қай мемлекеттерге жасалатынын жариялады.
• Түркия — аптасына 12 рейс;
• БАӘ — аптасына 31 рейс;
• Өзбекстан — аптасына 22 рейс;
• Ресей — аптасына 10 рейс;
• Қырғызстан — аптасына 7 рейс;
• Беларусь — аптасына 4 рейс;
• Украина — аптасына 4 рейс;
• Германия — аптасына 9 рейс;
• Грузия — аптасына 9 рейс;
• Тәжікстан — аптасына 2 рейс;
• Оңтүстік Корея — аптасына 2 рейс;
• Египет — аптасына 2 чартерлік рейс;
• Мальдив аралдары — аптасына 3 рейс.
Бұған дейін Қазақстан бес ел — Черногория, БАӘ, Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланды бағыттары бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстерін ашатыны және ұлғайтатыны хабарланды.