"Қандай кінәм бар?" "Астана LRT-ға" қатысты сот жалғасып жатыр

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Нұр-Сұлтанда «Астана LRT» ісі бойынша сот жалғасуда. Бүгін сотталушы – қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов судьядан өзін қорғауын сұрады, деп хабарлайды «Экспресс-К».

Еске сала кетейік, прокурор Рашид Аманжоловты 11 жылға бас бостандығынан айыруды, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салуды, қауіпсіздігі барынша төмен колонияға жіберуді сұраған болатын. Ол — "Астана LRT" ісі бойынша жеті айыпталушының бірі.

Бүгін сот отырысында Аманжоловқа сөз берілді. Ол өз құқығы аяқ асты етіліп жатқанын, іс бойынша құжаттарды қарап шығуға және адвокаттармен сөйлесуге мүмкіндік берілмегенін айтты.

"Адвокаттармен де әңгімелесе алмай отырмыз. Құжаттарды қарап шығуға да мүмкіндік берілген жоқ. Түрмеде отырғанымызға бір жарым жыл болды. Ардан Сұлтанбеков шығарған қорытынды қаулыны, сол сияқты өзге де құжаттарды беруін сұрап едік, жауап болған жоқ. Бізді соттап жатқанынан бір айға жуық уақыт болды. Ал мемлекеттік айыптаушының бізге айтқан сөздері туралы құжаттардың көшірмесі сол қалпы берілмеді. Қолымызда ешбір құжат жоқ. Тіпті "Астана LRT" компаниясы талап арызын өзгерткені туралы құжаттың көшірмесін ала алмай отырмыз. Осы құжаттың бәрін зерттеп шығуымызға мүмкіндік берілуі керек қой", — деді Аманжолов.

Сотталушы сонымен бірге судьядан мемлекеттік айыптаушыға бір ғана сұрақ қоюға мүмкіндік беруді сұрады. Яғни ол "Менің нақты қандай кінәм бар?" деп сұрамақ.

Ал адвокаттар іс дұрыс жүргізіліп жатқан жоқ деп санайтынын жеткізді. Олар айыпталушылардың кінәсіз екенін айтып, босатылуын сұрады.

Айта кетейік, осыған дейін адвокат Сәуле Ақатова сот отырысында тергеудің қарапайым қызметкерлерге кінә арта салу үшін жүргізіліп жатқанын мәлімдеген еді. Ол тіпті бұл іспен кәсіби мамандар айналысқанына күмән келтірді.

Бұл істі алдын ала тыңдау кезінде, сол сияқты ары қарайғы пікірталасқа дейін құқықтық баға берілмеген. Осылайша, іс жүргізу нәтижесінде сот әрбір қылмыстық іс бойынша айыпталушының іс-әрекетін дұрыс бағалай алмайды.

деді ол.

Ақатова сөз арасында өзінің адвокаттық қызметінде кәсіби деңгейі дәл осындай төмен айыптау актісін алғаш кездестіріп отырғанын да айтты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров