Есірткі сатып алушы көше сыпыратын болды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Әлеуметтік желі арқылы есірткі сатып алған ер азамат Семейде көше сыпыратын болды, деп хабарлайды «Экспресс К».

28 жастағы қала тұрғыны әлеуметтік желіде кездейсоқ есірткі сатамын деген хабарлама көріп қалады. Ол сатушымен хат алмасып, артынан жеке шотына қажетті ақшасын аударған. Ары қарай, тауар иесінен "есірткі дүкен жанындағы қоқыс жәшігінің астында" деген қысқаша хабарлама алады.

Қала тұрғыны тиісті жерге барып, қоқыс жәшігінің астынан есірткіні алған. Ал, бірнеше сағаттан соң ер азаматты тәртіп сақшылары тоқтатады. Жас жігіт полицей қызметкерлеріне қарсылық танытпады. Қалтасынан кептірілген марихуананы алып шығып, өз кінәсін толықтай мойындаған.

"Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 80 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті пробация қызметінде бақылауға алынған, — деді пробация қызметі бойынша бөлім бастығы Олжас Жақияров.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров